Сөз бер және 21 күн жаттығу жаса

Қазақстанда Challenge «Сенің жаңа қырың!» атты бұқаралық спорт бастамасы іске қосылды

4 маусымнан бастап Қазақстанда Challenge «Сенің жаңа қырың!» атты бұқаралық спорт бастамасы іске қосылады. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Салауатты өмір салтын қолдау және Challenge «Сенің жаңа қырың!» деп аталатын физикалық белсенділікті насихаттау үшін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобының атынан онлайн-жобаны іске асыру бастамасын қолға алды.
Бұқаралық спорт бастамасы қазақстандықтардың спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл үшін 21 күн ішінде физикалық жаттығуларға тек жарты сағат уақыт бөлу жеткілікті.
Жобаны Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Назарбаев қолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыратын бейне үндеу жолдады.
Жобаның ережелері қарапайым: қатысуға ниет білдірген Қазақстандықтар Challenge «Сенің жаңа қырың!» жобасының әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, VKontakte) ресми парақшаларына жазылып, жобаның басталу күнін күтеді. Маусымның 4-і мен 24-і (қоса алғанда) аралығында қатысушылар 21 күн бойы 30 минуттық түрлі жаттығулар кешенін орындайды және әлеуметтік желілердегі өз парақшаларына #сеніңжаңақырың #другойты хэштегімен фото/бейне есеп жүктеп, арнайы геолокациямен белгілеуі керек.
Жоба соңында Қазақстан бойынша 16 жеңімпаз анықталып, олар 6 шілдеге жоспарланған Open Air Event қорытынды шарасына құрметті қонақ ретінде қатысу мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш шара республика бойынша бір мезгілде іске қосылатын ауқымды флешмоб болады деп жоспарланып отыр.

Жеңімпаздарды жоба соңында белгіленген форматта ұсынылған фото/бейне есептердің негізінде арнайы байқау комиссиясы анықтайды.
Қазақстанның барлық аймақтық орталықтарында көпшілікпен жаттығулар жасалып, оның барлығы әр өңірден тікелей эфир арқылы ұлттық телеарнада көрсетілетін болады. Тікелей эфирде эстафетаны өз өңіріне жолдау құрметі Challenge «Сенің жаңа қырың!» жобасының жеңімпаздарына ұсынылады.
Бүкіл ел бойынша бір мезгілде іске қосылып, салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған бұл жоба «Спорт тарихындағы ең ауқымды жаттығулар» аталымына лайық болмақ.
Жобаға белгілі қазақстандықтар, оның ішінде Айсұлу Әзімбаева, Мұрат Мұтұрғанов, Елена Хрусталева, сондай-ақ танымал блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысуға ниет білдірді. Бұл туралы олар өз әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында хабарлады.
Бұдан басқа, халыққа 21 күндік жаттығу жоспарының мысалдарын ұсыну мақсатында Нұртас Адамбай, Ақылбек Жеменей, Бүркіт, Майя Манеза, Илья Ильин және т.б. азаматтар жобаға арналған өздерінің жаттығу кешенін дайындады.
Сонымен қатар, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше назар аударылады. Олар үшін арнайы Алматы қаласында танымал тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылатын 3 оффлайн-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемалық мәселелеріне назар аудару мақсатында ұйымдастырылады.
Спорттық бастаманың ұйымдастырушысы «Бірінші болу батылдық» «Алматы марафоны» Корпоративтік қоры.

Сынға қалай қатысуға болады?

ЖАТТЫҒУ ЖАСА

4 маусымнан бастап 21 күн бойы күнделікті кез-келген спорт түрімен айналысуды баста

БӨЛІС

Әр жаттығу туралы фото немесе бейне есепті #СЕНІҢЖАҢАҚЫРЫҢ хэштегімен әлеуметтік желілерде орналастыр және эстафетаны достарыңа жолда

ЖАҚСАРА ТҮС

Белсенділік танытып, Алматыдағы ресми іс-шарада өз аймағыңды таныстыру құқығына ие бол

Олар жаттығуды бастап кеткен

Айсулу Азимбаева и Валихан Тен

      

Бүкіл ел алдында сөз беруге әлің келе ме?